Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Батыс Қазақстан облысының жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйек күндері Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығында облыс жастары арасында «БОЗБАЛА мен БОЙЖЕТКЕН» байқауы өткізілді. Бүл шараның негізгі мақсаты:

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету болып табылады.

Осы байқауға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінен екі жұп қатысты:

  • Қанат Самат – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 2 курс;
  • Нурмуханова Гульмира – «Педагогика және психология» мамандығы 3 курс;
  • Иманғалиев Мирас – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы 4курс;
  • Асқарова Ботакөз – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы 3курс.

Байқаудын негізгі айналымдары: таныстыру, тосын сый, нүрлы талант, қыздарға әсемдік жарасады, ат ерттеу, асық ату, гір тасын көтеру, сиыр сауу, ас илеу, сәбиді бесікке бөлеу.

Осы байқауда үздік өнер көрсетіп дипломант атанған Асқарова Бөтакөз, Иманғалиев Мирас және III-ші орынды иеленген Қанат Самат пен Нурмуханова Гульмираны университет әкімшілігі атынан құттықтап, алдағы уақытта да биіктерден көріне берулеріне шын жүректен тілектеспіз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz