28 қараша күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Фонд содействия научным исследованиям» жеке қорының ұйымдастыруымен БҚО ЖОО студенттері арасында «Oral & Museums» атты Астананың 20 жылдығына арналған квест ойыны оздырылды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған жерді қадірлеу, өлкетану бойынша білімдерін кеңейту және туған жерінің өткен тарихын, мәдениетін дамыту, музейлерді жақсы танып-білу мақсатында ұйымдастырылған квест ойынына қаламыздың 4 жоғарғы оқу орындарының студенттері белсенді түрде қатысты.

Студенттер қолына Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, А.С. Пушкина атындағы музей, Табиғат және экология музейі, БҚО тарихи-өлкетану музейі, С.Гумаров атындағы музей, «Рухани жаңғыру» музейі және Орал қаласының тарихи ғимараттарымен ескерткіштері орналасқан аймақтар белгіленген «Саяхат картасы» берілді. Белгіленген карта бойынша командалар екі топқа бөлініп екі бағытта тапсырмаларды орындауға аттанды. Ойынның жүргізілу процесін инстаграм әлеуметтік желісінде әр команда өзінің оқу орнының жеке парақшасынан «тікелей эфир» жүргізіп отырды.

Музейлерде алдын-ала дайындалған сұрақтар жасырылған және әр музейдің өзіне тән қалдырылған стикер түсіне байланысты музейге кіру мүмкіншілігін беретін құпия сөз болды. Ойын барысында музейлерде экскурсовод күтіп алып әр командаға тапсырма беріп, жауабы дұрыс болған жағдайда «Жарайсың!» деген түрлі-түсті стикер беріліп отырды. Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында құпия сөз бен тапсырмалар студенттер үшін ерекше болды, екінші қабатында орналасқан «Америка бұрышында» ағылшын сұрақтарына жауап беру арқылы шет елдік жазушылар топтамасы арасынан стикерді жинады.

«Саяхат картасының» соңғы нүктесі – қала ескерткіштері мен мүсіндері. Тарихи, мәдени ескерткіштер бойынша аңыз әңгімелерді баяндау арқылы «Қобыз», «Арыстан», «Көкбөрі», «Қыз мүсіні» ескерткіштеріндегі стикерлерді жинады. Ойын соңында студенттер қызықты оқиғаларын айтып естелік суреттерге түсті.

Квест ойынының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен «Эверест» командасы (Жастлек Надия, Иосов Шерхан, Бөлтекова Перизат) II-орынға ие болды.

Университет әкімшілігі құттықтаймыз.

Байқауда топ жарған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз.     

БҚИТУ тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz