«Жаңа толқын-2018» облыстық шығармашылық фестивалі

Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру, талантты жастар мен үздік ұжымдарды аңықтау мақсатында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты басқармасының қолдауымен, қараша айының 16 жұлдызында «Жастар мәдениет» үйінде жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері арасында «Жаңа толқын-2018» облыстық шығармашылық фестивалі өткізілді. Осы шараға белсенділік танытып қатысқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері келесі көрсетілген номинациялар бойынша үздіктер қатарыннан табылды:

«Эстрадалық ән» Дана Джонисова 3-орын (тілдер және менеджмент факультеті);

«Үздік дәстүрлі орындаушылық өнер» Кабдыгалиев Олжас 2-орын (тілдер және менеджмент факультеті);

«Ұлттық би өнері» «Ару» би тобы, 2-орын Боранбаева Ш.А., Ибраева С., Жасқайратова Г.Е., Ғарифолла А.М., Отар А.Н., Абай З., Молдагалиева С., Тарасюк К., Халиуллина Н., (педагогика факультеті);

«Заманауи би өнері» «Street Crew»  Султанова Ж., Кайырғалиева Г., Картова С., Байгабулов И., Ануарбеков Ә., Мендібеков Ф., Самарханов Д. 3-орын (тілдер және менеджмент факультеті);

КТК сайысы – «БҚИТУ құрамасы»  2-орын  Амандық А., Мажитов Р., Иосов Ш., Метенова А., Нажимова А., Мұратова Г., Мырзатаев Б., Бактибаев Ж. (БҚИТУ құрама командасы).

Бұл шараға қатысқан студенттерімізді университет әкімшілігі құттықтай отырып, алдағы уақытта тек сәттілік тілейді.

  Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz