2018 жылғы 19 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсының» қорытынды кезеңін өткізді.

Аталмыш байқауда іріктеу нәтижесінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеті «Тарих және ӘГП» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қарылғаш Қаршығақызы Қайралының ғылыми жобасы үздік жобалар қатарынан танылып, Республикалық қорытынды кезеңінде жүлделі ІІІ орын  иеленді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz