Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті спорт залында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне» арналған спорттық-көпшілік іс-шаралары өтті.
Бағдарламада футол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы бойынша жарыстар болды.
Футбол бойынша жалпы саны 42 адам: І,ІІ,ІІІ курс студенттері 6 командасы және оқытушылар қатысты.
Орындар келесі түрде берілді: І орын – 3 курс, ІІ орын – 1 курс, ІІІ орын – 2 курс.
Номинациялар: Үздік қақпашы болып Б. Кадыргалиев танылса, үздік шабуылшы 3 курс студенті М.Махсотов болды.
Турнир үздік ойыншысы ретінде 1 курс студенті А.Хамидолла танылды, ойыншылар дипломдармен, жеңімпаз команда Кубокпен марапатталды.
Волейбол бойынша жарыстарға жалпы саны 40 адам: 1,2,3 курс 5 командасы және факультет оқытушылары қатысты. Орындар келесі түрде берілді: І орын – 3 курс, ІІ орын – 1 курс, ІІІ орын – факультет оқытушылары.
Номинациялар: үздік байланыстырушы болып 3 курс студенті А.Айболатов, үздік шабуылшы болып 2 курс студенті М. Шайзадаев танылды. Турнир үздік ойыншысы болып І курс студенті Е.Сундет танылды. Командалар дипломдармен, жеңімпаз Кубокпен марапатталды.
Баскетбол бойынша жарыстарға жалпы саны 25 адам: 1, 2, 3 курс 4 командасы және оқытушылар қатысты.
Барлық ойындар жақсы ұйымдастырылған түрде өтті. Орындар келесі түрде берілді: І орын – 1курс, ІІ орын – Факультет оқытушылары, ІІІ орын – 3 курс.
Номинациялар: Турнир үздік ойыншысы ретінде 3 курс студенті – Б.Казиев танылды.
Үздік снайпер болып 1 курс студенті Т. Тариев танылды. Командалар дипломдармен, турнир жеңімпазы Кубокпен марапатталды.
Шахмат және дойбы жарыстарына жалпы саны 27 адам: 1, 2, 3, 4 курс студенттері және Факультет оқытушылары қатысты.
Ойындар жақсы төрелікпен, жақсы ұйымдастырылған түрде өтті.
Орындар келесі түрде берілді: шахмат бойынша І орынды 2 курс студенті, ИС -21 тобы студенті Байтулы Кангереев алды, ІІ орынды 2 курс студенті, ЭЛ-21 тобы студенті- Аслан Куанышевке берілді. ІІІ орын 2 курс студенті, ИС-21 тобы студенті – Чанытбай Тимурге берілді.
Дойбы бойынша І орынды 3 курс студенті, НД-31 тобы студенті Алим Махмут иеленді.
Дойбы бойынша ІІ орынды 2 курс студенті, БЖД-21 тобы студенті Шегельтеков Карасай иеленді.
Дойбы бойынша ІІІ орынды 1 курс студенті, НД-11 тобы студенті Серикұлы Асылхан иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.


