2018 жылы 21 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің конференц залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қолдау мақсатында пікір алмасу кездесуі өтті.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты оқу ордамыздың профессор оқытушылары өз пікірлерін ұсынды.
Мақала жайлы университетіміздің ректоры, э.ғ.д.,профессор Габдуалиева Раушан Смадиновна:«Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті» екенін айтып өтті. Бұл мақала қазақ руханияты үшін қажетті жобалардын бірі.
Сонымен қатар мақала бойынша бір топ оқытушылар өз пікірлерін білдірді:
ф.ғ.к., доцент Ж.К. Хайрушин мақаланың «Тарихи сананы жаңғырту» екінші бөліміндегі «Архив 2025» тақырыбына тоқталды. «Көне қазақтын тарихы» тақырыбында т.ғ.к., профессор М.А.Мухамбетов сөз алса, «Прагматизм» бағытында т.ғ.к.,доцент Н.И.Осипов өз пікірін білдірді. «Археология – тарихымыздың негізгі мұрасы» тақырыбында тарих магистрі С.Е.Сидахметов өз ойын ортаға салды.
Бұл мақала тек қана Қазақстан халқына ғана емес, сонымен қатар кең халықаралық қоғамдастыққа да арналған.
Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі


