Сіздерді шын жүректен Еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен құттықтаймын!

Елбасымыздың саяси ерік-жігері және стратегиялық көрегендігі дамудың қазақстандық үлгісінің табысты болуын айқындап, Қазақстанның орнықты өсіп-өркендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды.

Университетіміздің ұжымы өз кезегінде Елбасының білім саласындағы саясатын қолдап, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге төзімді мамандарды дайындауға үлесін қосып келеді. Бұл бағыттағы қызметіміз алдағы уақытта да жалғаса берсін.

Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz