Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер,  студенттер мен магистранттар!

Ықылым заманнан бері халық санасында Наурыз айы сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің белгісі болып табылады. Пейілі даласындай дархан жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен қарсылап отырған. Елдің сүттей ұйыған тыныштығын, халықтың ырысты ынтымағын тілеген.

Ендеше көп ұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

Өткен жыл біздің ұжым үшін үлкен оқиғаларға жарқын әсер еткен жыл болды.  Бізде мақтануға болатын нәрсе бар. БҚИТУ аккредитацияланған мекеме мәртебесіне ие. Университет білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігінде 19 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық институционалды және арнайы аккредиттеуден өтті. Осылайша, білім беру бағдарламаларының сапасын еуропалық білім беру стандарттарына сәйкестігін растады.Ағымдағы оқу жылында университет тарихында тұңғыш рет біздің студенттер Қарағанды қаласындағы өткен республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Барлық жетістіктер біздің университетіміз Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі заманғы біліктілік талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлауда жетекші жоғары оқу орындарының бірі екендігін көрсетеді. Сізге және сіздің отбасыңызға жақсылық, денсаулық, қуаныш, сәттілік тілеймін. Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын !

 Изгіниетпен, БҚИТУ ректоры, профессор Габдуалиева Р.С.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz