2018 жылдың 12-13 сәуір айында Халықаралық білім беру корпорациясы жанынан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Құрылыс және Сәулет мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Осы олимпиадада ҚР 21 жетекші оқу орындарынан (ХББК (ҚазБСКА), Д.Серикбаева атындағы ШҚМТУ, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ, М. Ауезова атындағы ОҚМУ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚҰТЗУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ және т.б.) 290 студент қатысты.
Біздің университет атынан техника және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, магистр Утебалиева Н.З. басшылығымен «Құрылыс» мамандығының 3 курс студенттері Сақтағанова Анель және Капашев Адиль бақтарын сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Геотехника I» пәнінен Сактаганова Анель жүлделі II орын иеленіп, дипломмен марапатталды және «Құрылыс конструкциясы I» пәнінен Капашев Адильге сертификат ұсынылды.
Алдағы уақытта студенттерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!
