Оқу жылы қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті  педагогика факультетінің оқытушылар құрамы мен студенттері арасында «Жыл үздігі – 2017» байқауы жарияланды.

Байқау 2014 жылдан бері білім беру жүйесінің дамуына ерекше үлес қосқан оқытушыларды, университетке ерекше адалдығымен еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттауға және жүзеге асыруға үлесін қосқан, әр сала бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.

Ұйымдастырылған байқау 10 негізгі аталымнан тұрады. Білікті мамандардан құрылған комиссия үздіктерді анықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Байқауда қатысушының тек 2017 жылғы жетістіктері ғана қаралды.

Оқытушылар арасында «Жыл адамы – 2017» аталымы бойынша ф.ғ.к., доцент А.Б.Қайыров, «Үздік ғалым» аталымы бойынша ф.ғ.к., доцент А.И.Мамыров, «Университетке адалдығы үшін» аталымы бойынша т.ғ.к., доцент Р.Л.Абдрахманова, «Үздік эдвайзер» аталымы бойынша  аға оқутышы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі А.Ж.Нариманова, «Ерен еңбегі үшін» аталымы бойынша әдіскер, студенттік статистика және талдау секторының маманы Г.Г.Шынтемирова марапатталды.

Студенттер арасында  «Жыл студенті» аталымы бойынша «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті А.Ермекова, «Оқу үздігі» аталымы бойынша «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті А.Сәкенқызы, «Жас ғалым» аталымы бойынша «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Н.Жастлек, «Спорттағы жетістігі үшін» аталымы бойынша «Туризм» мамандығының 4 курс студенті Н.Касимов, «Жыл белсендісі» аталымы бойынша «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті З.Әнуаров марапатталды.

Байқауда топ жарған жеңімпаздарды құттықтай отырып, тек қана биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз.

  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті әкімшілігі және тәрбие ісі жөніндегі бөлім

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz