2019 жылдың 10 қаңтарында «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасында ғылыми семинар оздырылды. Семинарда кафедра меңгерушісінің орынбасары Р.М.Бакесова педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен ғылыми зерттеулердің оқу процесіндегі алатын орнын атап өтті. п.ғ.к., доцент Т.И. Клименко Дене шынықтыру және спорт арқылы жастардың бойында салауатты өмір салтының негізін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Профессор Н.Н. Пересветов жетекшілігімен аға оқытушы, магистрлер Б.А.Медресов, Н.С.Куспанов, Б.С.Мендигалиев «Аспекты физкультурно-спортивного краеведения Западного региона Казахстана» атты тақырыпта баяндамаларын оқыды.