2017 жылдың 12 cәуір күні БҚИТУ Инженерлік технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасы және С. Бәиішев атындағы Ақтөбе университетінің экология кафедрасының ұйымдастыруымен on-line режимінде «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге арналған «Жасыл экономика және тұрақты даму» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің баяндамаларында студенттер «Жасыл экономика және тұрақты даму» – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табыладығын жәнеде тұрмыстық және қатты қалдықтарды қайта өңдеу, жаңартылған энергия көздерін енгізу, автокөлік және олардың қоршаған ортаға әсері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігін мен пайдалану мәселелерін қарастырды.
Дөңгелек үстелде көптеген баяндамалар зерттеушілік сипатқа ие болған. Ақтөбе қаласындағы қалдықтарды қайта өңдеу туралы баяндаған жобасы өзендерінің қазіргі экологиялық жағдайына арналған инновациялық жұмыстары ерекше назар аудартты. Студенттердің экологиялық ғылыми жұмыстарын әрі қарай жалғастыру ұсыныстары жасалды.

