«Бөбек» жалпыұлттық қозғалыс бірлестігі қолдауымен жас ғалымдардың тұлғалық жетістіктерін және ғылымға қосқан үлесін насихаттау мақсатында Европа және ТМД елдері арасында «Үздік жас ғалым-2021» жобасы ұйымдастырылды. Жобада университетіміздің «Педагоика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Присташ Вероника Витальевна және 6В03101- «Психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Щербакова Яна Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ғылыми білім беру мемкемелері арасында 2 орын иеленіп, ІІ дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды. Аталмыш жобаға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан, Беларусь т. б. елдердің жас ғалымдары қатысты.
