Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ұлттық палатаның бизнес-тренерлері БҚО-ның табысты кәсіпкерлерін шақыра отырып, білім алушылар үшін қонақ дәрістерін өткізеді.
2021 жылдың 10 қарашасында инженерлік-гуманитарлық факультетінің студенттері мен оқытушыларының алдында “Атамекен” консультант-маркетологы Алмагүл Исмугулова және бьюти индустрия саласындағы кәсіпкер Әсем Ильжанова сөз сөйледі. Бейнеконференцияға БҚИТУ – дың 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырды.
Жас ғалымдар кеңесі
