Құрметті әріптестер!
2020 жылдың 13-15 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Халықаралық on-line жас ғалымдардың конференциясын өткізеді. Көрнекті ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған
«Ғылымның өркендеуі – инновациялық қоғам дамуының кепілі».
Конференция барысында мынадай секциялар жоспарланып отыр:
Секция 1 Әл-Фараби және түркі философиясы, тарихы, мәдениеті: өткені мен бүгіні
Секция 2 Қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиет тарихы: заманауи бағыттары мен мәселелері
Секция 3 Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері
Секция 4 Болашақтың инновациялық экономикасын қалыптастыру
Секция 5 Аймақтық экономика және кәсіпкерлік
Секция 6 Көптілділік қазіргі білім факторларының бірі ретінде
Секция 7 Қазіргі кезеңдегі жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Секция 8 АӨК және мұнай-газ саласындағы инновациялық даму
Секция 9 Биотехнология мен экологияның даму болашағы
Секция 10 Техникалық коммуникациядағы заманауи инновациялар
Секция 11 Құқықтық ғылым және жалпы цифрландыру жағдайындағы заң білімі