2021 жылдың 3 қарашасында БҚИТУ-дың Инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Техника және технологиялар» кафедрасында «Стартаптар – инновацияны алға жылжытудың тиімді жолы» тақырыбында студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға «Техника және технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен «Инженерия», «Энергетика», «Компьютерлік графика» ғылыми үйірмелерінің 1-3 курс студенттері қатысты. БҚИТУ-дың жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Құрманова Жанара Бурамбайқызы алғы сөз сөйлеп, студенттер «Эко-транспорт», «Инновациялық электромобильдерге арналған қозғалтқыштарды құрудағы жаңа стартап», «Стартап бойынша ақпараттық қызмет құралдары мен әдістері», «Энергияны үнемдеу технологиясы», «Заманауи ақпараттық мәдениеттің негізгі мәселесі» тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. Студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойды.
БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі