2021 жылдың 4 қарашасында Инженерлік-гуманитарлық факультетінің құрылыс және сәулет кафедрасында «Жерге орналастыру және кадастр», «Құрылыс» және «Сәулет» мамандықтарының 1,2,3 курс студенттері арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға “Құрылысшы”, “Землемер”, “ArchiArt” ғылыми үйірмелерінің мүшелері қатысты.

Студенттер белсене қатысып, жер заңнамасының сақталуына, жердің қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мәселелерін бейнелейтін қызықты және жан-жақты баяндамалар жасады. Керамикалық кірпіштің технологиясы, энергияны үнемдейтін ғимараттарда жылу оқшаулағыш материалдарды пайдалану сипаттамалары қарастырылды.

Қабырғалық керамика өндірісінің қазіргі жағдайы мен технологиясы, жоба алдындағы талдаудағы сәулетшінің рөлі, сондай-ақ ғимараттардың түстері мен түс схемасының эмоционалдық мағынасының ерекшеліктері зерттелді.

Жас ғалымдар кеңесі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz