03.11.21 «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының оқытушылары Г.С. Бимашева, А.Н. Сәрсенбаева болашақ мамандыққа арналған «My future profession» тақырыбында «English Club» ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – коммуникативтік іскерліктерді кеңейту, студенттерге өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін үнемі қалыптастыру, олардың тілді меңгеру қабілетін барынша пайдалану, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету, студенттердің тілді үйренуге деген қызығушылығын ынталандыру. Бұл іс-шараға 1 курс студенттері қатысты, олар түрлі шығармашылық тапсырмаларды, жаттығуларды, кроссвордтарды белсенді орындады, сұрақтарға жауап берді және өздерінің болашақ мамандықтары туралы қызығушылық танытты.
БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі

