2020 жылдың 23 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасы және С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушылар қауымы мен студенттері on-line режимінде «Қазақстанның табиғи ресурстарының генофондысы және биоалуандылықты сақтау, зерттеу проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге оқытушылар мен студенттер қатысты.
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 3 курс студенттері Тыныбекова Айжан, Сагынова Мөлдір «Өсімдіктердің генетикалық ресурстары» атты оқу-ғылыми зертханасының меңгерушісі, аға оқытушы Калыбекова Жанар Турумовнаның жетекшілігімен «Ақтөбе облысындағы жабайы қызғалдақтардың түрлері», «Қазақстан жабайы қызғалдақтардың шығу тегінің орталығы» атты тақырыптардағылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
ЗКИТУ студенттері Жаксылыков Жанболат (ЭКЛ-11, ғылыми жетекші Кенесарина Кунсая Хонировна), Елеусинов Арман. (БЖД-31, ғылыми жетекші Тапишев Муханбет Саламатович) “Батыс Қазақстан облысының ормандарының қазіргі экологиялық жағдайы”, “Батыс Қазақстан облысындағы Қызыл Кітапқа енгізілген сүтқоректі жануарлардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктері” атты баяндамаларын ұсынды.
Онлайн дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің әріптестері, “Ауыл шаруашылығы және экология” кафедрасының меңгерушісі Утеулиева Дәмели Таңатарқызы осындай бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік жасаганы үшін алғысын білдірді.