Білім беруді цифрландыру жағдайында ЖОО оқытушыларының кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Білім беруді цифрландыру: қазіргі заман талабы» тақырыбында әдістемелік апталығы өткізілуде. Апталық аясында 2022 жылдың 22 қарашасында Тарих және құқық кафедрасы «ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ: DIGITAL HUMANITIES аясында» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың өткізілудегі мақсаты – гуманитарлық пәндерді оқытуда цифрлық технологияларды практикалық қолдану, сонымен қатар ғылымдағы тарихи тенденцияларды зерделеуде әртүрлі электронды қосымшаларды қолдануды үйрету.

Семинарға тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, М.Д.Қалменов; БҚО тарихи-өлкетану музейінің экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.С.Насипкалиева; ЖШС «TORUS.KZ» техникалық бөлім директоры Ж.Б.Жармуханбетова; М.Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі А.С.Жайланов;  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, PhD, Н.Б.Сабыргалиева; № 10 ЖОБМ тарих пәні мұғалімі А.Е.Казиханова қатысып, тарихи білім мен ғылым саласындағы оқытудың жаңа үлгілерін ұсынып, цифрлық бағдарламаларды археологиялық зерттеулерде қолдану, оқу саласында инновациялық ІТ-қосымшаларды тиімді қолдану жолдары, музейде заманауи технологияларды қолдану барысы, жаңартылған білім мазмұны бойынша тарих сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары туралы мәлімет беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға сонымен бірге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz