2022 жылдың 16 қарашасында «Әлемдік ауыл шаруашылығының инновациялық даму мәселелері мен перспективалары» атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция алғы сөзінде Вавилов университетінің ғылыми және инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, профессор Воротников Игорь Леонидович және БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Бурахта Вера Алексеевна құттықтау сөз сөйледі. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті бойынша аға оқытушылар Федорченко Л.В., Тимиргалиев И.Н., Нурманова А.К. баяндама жасады.

БҚИТУ ғылыми бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.