2021 жылдың 11 қарашасы күні «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары: Г.Б.Калкенова, А.Е.Жумасейтова, А.И.Султангалиева, А.А. Гинаятова және «Жас тәрбиеші» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Педагогика және психология», «Психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 1-4 -курс студенттерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің өзекті мәселері: теория және практика» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге арнайы мамандар: Ж.Т. Хамидуллина – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты директорының түзету-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, С.Т.Асименова – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп тифлопедагогі, А.Е.Мендешева – облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының педагог-психологі, А.К.Шайхиева – №29 «Балауса» бөбекжайының дефектологі, А.Х.Айтюрина – №29 «Балауса» бөбекжайының логопеді, Ж.С.Нуржанова, Н.К.Кажимова – №45 «Нұрсәт» бөбекжайының тәрбиешілері, Н.С.Чуреева – №22 «Колобок» бөбекжайы, инклюзивті білім беру кабинеті әдіскері. Г.Б.Қазмұханбетова – №22 «Колобок» бөбекжайы арнайы топ психологі, Г.С.Султангалиева №10 «Балапан» бөбекжайының әдіскері қатысты. Дөңгелек үстел барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Семинар соңында қатысушыларға алғыс хат табыс етілді.
БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі
