2021 жылдың 26 қазанында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің экология және биотехнология кафедрасында «Өрт қауіпсіздігі және оның қоршаған ортаға әсері» тақырыбында студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға экология және биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «Эрудит» ғылыми үйірмесінің 1-4 курс студенттері қатысты. Студенттердің баяндамаларында өрт қауіптілігі, өрт кезінде адамдарды эвакуациялау және қоршаған орта үшін салдары және т. б. мәселелер қарастырылды.

Конференция аясында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының студенттері Орал гарнизонының өрт-техникалық орталығының мұражайына барды. Мұражай өкілдері облыстың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің тарихи мұрасы болып табылатын экспонаттар туралы айтып, өрт техникасымен таныстырды. Студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz