22 қыркүйек күні, Инженерлік-гуманитарлық факультеттің Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күніне» арналған «Тіл – халықтың рухани байлығы» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық өткізілді.
Конференцияның мақсаты – студенттердің мемлекеттік тілді білуге қызығушылығын ояту, халықтың тілдік мәдени мұраларын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру. Конференцияның модераторы – БҚИТУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Құрманова Ж.Б.
Конференцияға «Сәулет», «Есептеу техникасы», «Қоршаған ортаның тіршілік қауіпсіздігі», «Құқықтану», «Тасымалдауды, қозғалысты және колікті пайдалануды құқықтық реттеу» мамандығының 1 және 2 курс студенттері және кафедра оқытушылары қатысты.
Педагогикалық ұжым атынан кафедраның аға оқытушысы А.А. Сұлтанғалиева құттықтау сөз сөйледі.
«Сәулет» мамандығының 1 курс студенттері Н.Туркина «Тіл – халықтың рухани байлығы», Жакслыкова Аяжан «The role of English in the education of the Republic of Kazakhstan», В. Ханыкина «Значение языка в жизни человека» тақырыптарына баяндамалар жасады. Шара әрі қарай студенттердің оқуында Абай, А.С. Пушкин, Ы.Алтынсарин, К.Симонов, М.Крюков өлеңдерімен жалғасты.
Конференция соңында, ф.ғ.к., профессор Шканова Б.Ә. конференцияның мазмұнды өткендігі, студенттердің тыңғылықты дайындалғандықтарын атап айтып, тілдерді меңгеруде студенттерге сәттілік тіледі.
Конференция модераторы, университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Құрманова Ж.Б. студенттерге үш тілді меңгеруге күш салуларын және ғылыммен айналысуға талпыныс жасауларына кеңес беріп, конференцияны қорытындылады.
Іс-шара ұйымшылдық пен достық атмосферада өтті.
Конференция соңында студенттер сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.
