ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

    Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әкімшілігі, профессор-оқытушылар құрамы Президент Қacым-Жoмaрт Тoқaевтың халыққа Жолдауын тікелей көрсетілімнен көріп, талқылау үшін жиналыс өтті.

    Мақсаты – жолдауды насихаттап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстыру, қазіргі күрделі жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, денсаулық сақтау бағытындағы жаңалықтар мен білім беру саласындағы күтілетін өзгерістерді жас ұрпаққа ұғындыру.

    Бұл жиында университет ректоры, т.ғ.к., профессор Б.Т.Шакешев өз сөзінде жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, нақты тапсырмаларды атап өтті. Қазіргі қоғам-білімділердің қоғамы. Қай заманда да жастардың оқып, білім алу ісі шетке ысырып қоя салатын мәселе болмаған. Осы орайда білім беру саласына баса көңіл бөлініп, атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады.
Жаңа Қазақстанды құру ісінде педагогтардың рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялау-дың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ ұстаздардың құзырет аясы айқындалады.  

    Жиын барысында сөз алған білім саласындағы еңбек сіңірген ардагер филология ғылымдарының докторы, профессор А.М.Мұсаев мемлекет басшысының келесі бағытын:

    – «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Сол бағытта маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек деген сөздерімен толық келісетінің атап айтты.

    Оқытушылар Президент Жолдауындағы негізгі қағидалар туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында университет ұжымы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатынын ескеріп, мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау білдірді. Президентіміздің игі бастамалары мен идеяларын қолдайтындықтарын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.