Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы «2» наурыздағы № 27-нж бұйрығымен бекітілген 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа «Жоғары оқу орындарында цифрлық білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың педагогикалық дизайны» тақырыбы бойынша ғылым жобасына қатысып грант жеңіп алды. Жоба жетекшісі: кафедра профессоры, п.ғ.д. Бахишева С.М., мүшелері п.ғ.к, қауымд.проф. Кинжекова Р.С., 7М01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистранты Мұқтар Зинур және басқалары.