Республика күні мерекесі мен БҚИТУ-дың 25 жылдығына арналған шаралар аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде белгілі философ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты философия орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Серік Есентайұлы дәріс оқыды. Серік Есентайұлы өз дәрісінде бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы негізгі әлеуметтік мәселелерге қарасты философиялық тұрғыдан өзінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Қозғалған мәселелер қоғамымыздың дамуының негізгі бағыттары мен әлеуметтік ортадағы адамның орны мен маңыздығына, діни қатынастарға және басқа да әлеуметтік қатынастарға арналды. Дәріске Білім және менеджмент институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты. Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, олар өздерінің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап алды.


