2017 жылдың 5-6 сәуір аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет базасында «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Пәндік олимпиадаға Қазақстаның 11 жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университінен олимпиадаға техника және технология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. К.А. Ихсановтың жетекшілігімен 5В070800- Мұнай газ ісі мамандығының 3 курс студенттері қатысып, Ахметкалиев Алимбек, Жалнин Алексей, Джумашев Айдар қатысып, өз біліктіліктерін  сынға салды.

Пәндік олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1 тур – тестілеу түрінде; 2 тур – жазбаша түрде.

Біздің университеттің студенттері теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша жақсы білім деңгейін көрсете алды.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша студент Жалнин Алексей жоғарғы балл жинады. Ал екі турдың жиындық қорытындысы бойынша студент Ахметкалиев Алимбек жүлделі 3-ші орынды иеленді, ал қалған студенттер мақтау қағаздарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz