2020 жылдың 14 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Инженерлік-технологиялық факультеті Жалпы білім беру пәндері кафедрасымен ғылыми семинар ұйымдастырылды, оның мақсаты – 2019 жыл бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша қорытындыларды шығару, 2020 ж. арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
Семинар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты барлық қазіргі қатерлер мен әлем талаптарын ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған бағдарламалық мақаласы шеңберінде өтті. Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдары кандидаты, доцент Кусаинов Р. өз баяндамасында студенттер мен ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындаудың маңыздылығы туралы атап өтті. Профессор, т.ғ.к. Ж.С.Сериков «Историческое воспитание личности в рамках программы «Рухани жаңғыру» ҒЗЖ туралы баяндап, азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы «Туған жер» арнайы жобасы туралы өз ҒЗЖ туралы баяндамасында тоқталып өтті. «Туған жер» – барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес.
Семинарда Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті аспиранты«Национальный язык как механизм социокультурных изменений казахского этноса» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.
«Білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерінің теориялық негіздері» кешенді тақырып жетекшісі, ф.ғ.к., доцент Шканова Б.А., аға оқытушылар Жаркеева А.М., Султангалиева А.А., аға оқытушы, магистр Тулеуова А.М. өз баяндамасында қазақ, орыс тілдерін оқытудағы студенттердің танымдық қызметін белсендіру әдістерін кешенді қолдану маңыздылығын атап өтті. Бұған қоса аталған оқытушылар ф.ғ.к., доцент Шканова Б.А.жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім және тәрбие беру бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер» атты жаңа ҒЗЖ ұсынды.
Сонымен қатар магистрлер Разахова Ф.Ж, Сарсенова А.Ж., аға оқытушы Аралбеков Г.Б. ізденушілік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша өз баяндамаларымен сөз сөйледі.
Ғылыми семинар қорытындысы нәтижелерін Web of Science және Scopus индекстелетін басылымдарға, Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынған басылымдарда, халықаралық басылымдарда жариялау ұсынылды.