Ғылыми тағылымдама және академиялық ұтқырлық бағдарламалары -жоғары оқу орнының оқытушыларына қойылатын бірден-бір талап. Осы орайда, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогикалық факультетінің бір топ профессор-оқытушылары құрамы, яғни педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.С.Кинжекова, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Д.Сүлейменова, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Р.Л.Абдрахманова, филология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ.Ажгалиев, филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б.Қайыров, қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Г.Қ.Курманова 2017 жылдың 25 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Азербайджан Республикасы Баку қаласындағы «CLOBAL CAREER INSTITUTE»-ның бағдарламасымен Баку мемлекеттік экономика университетінде, Баку мемлекеттік туризм және менеджмент университеттерінің базасында тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты: шет  мемлекеттердің бүгінгі күн талабына сай   білім беру бағдарламаларымен танысу, жаңашылдық деңгейлерін бақылау,  магистратурада педагогикалық оқу процесін ұйымдастыруда инновациялық білім берудің, құзіреттіліктерді қалыптастырудың жаңа жағдайларын шешудің жолдарын қарастыру.Аталған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу оқытушылардың педагогикалық шеберлігін көтеруге, кәсіби мәселелерді шешуде белсенді әдістерді қолдануға, біліктілікті арттыруға септігі тиері сөзсіз. Курс соңында қатысушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар табыс етілді.

Сондай-ақ мәдени бағдарлама аясында тыңдаушылар Азербайжан Республикасының өткені мен бүгінінің куәсіндей болып тұрған ел астанасының тарихы мен мәдени орындарымен танысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz