2017 жылы қыркүйек айының 13-29 аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеттің Қаржы мамандығының 3-4 курс студенттеріне SES сарапшысы Гюнтер Кеттерле «Основы международного учета и отчетности» тақырыбында дәріс оқыды. Гюнтер Кеттерле қаржы саласын және тұтынушылармен жұмыс істеуді кеңінен меңгерген, халықаралық бизнеспен айналысқан, аудиториямен жұмыс жасауда көп жылдық тәжірибесі бар, АҚШ-тың салық кеңесшісі, сондай-ақ, Германияда Хайдельбергск жоғары мектебінде бухгалтерлік іс бойынша оқытушы. АҚШ, Азия және Еуропа елдерінде мультиұлттық листингілік компанияларда жұмыс жасаған.
Г.Кеттерле мырза педагогикалық факультеттің оқытушыларына инновациялық технологиямен білім берудің жолдары аясында бірнеше семинар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыс етілді.
2017 жылдың 27 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Қаржы кафедрасында «Германиядағы оқыту тәжірибесіндегі CORE ұстанымы және Қазақстандағы білім беру жүйесіне инновациялық технологияны енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге БҚИТУ-дың тілдер және менеджмент факультеті және педагогикалық факультеттің оқытушылары мен Қаржы мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелдің модераторы экономика магистрі С.А.Машанова. Алғы сөзді педагогикалық факультет деканы Б.С.Жұмақаева ала отырып, инновациялық технологияның білім беру жүйесіндегі маңызын айтып өтті.
SES сарапшысы Гюнтер Кеттерленің «Германиядағы оқыту тәжірибесіндегі CORE ұстанымы» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылық пен қызу талқылауға түсті.
Оқу ісі жөніндегі проректор, профессор Ж.Т. Ерназаровтың «К вопросу о применении инновационных методов обучения в системе высшего образования Казахстана» тақырыбындағы баяндамасында оқытудағы негізгі инновациялық әдістер және оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері туралы ашып айтты.
Қаржы кафедрасының доценті Г.К.Құрманованың «Методически указания о методах интерактивного обучения студентов специальности 5В050900-Финансы» тақырыбындағы баяндамасына қатысушылардың қызығушылығы ерекше болды.


