Қазақстан ғылым мен білім саласында жүйелі түрде маңызды реформалар жүргізуде. Жоғары білімді реформалаудың басты бағыты оны экономикадағы өзгерістерге бейімдеуді қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау, сонымен бірге Болон процесі арқылы білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кіруі болып табылады.
2017 жылдың 22 сәуір – 4 мамыр аралығында әлемдік жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысу мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық – технолгиялық университінің профессор – оқытушы ғалымдары Ерназаров Т.Ж., Уракчинцова Г.В., Боранбаева Б.С., Құрманалин С.Б. Ұлы Казимир атындағы мемлекеттік университеті мен Экономика университетінде (Быдгощь қ., Польша) В. Гумбольдт университетінде (Гермагния, Берлин қ.,) болып академиялық мобильді тағылымдамадан өтті. Сонымен бірге университетіміздің ғалымдары еуропалық оқу ордаларының басшыларымен кездесіп, қос диплом, оқытушы-профессорлық құраммен алмасу, магистрлар мен студенттердің тәжірибеден өтуі мәселелері төңірегінде екі жақты біріккен келісімшарттар жобаларын жасау мүмкіндігіне қол жеткізді.

