БҚИТУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері С.Б.Құрманалин 2023 жылдың 20 қазаны күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған «Қазақстанның XVII-XIXғғ тарихының өзекті мәселелері: қазіргі ұстанымдар мен көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады. Ғылыми баяндама тақырыбы: «Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы көтерілістері: өзара байланыстылық мәселесі». Аталмыш конференцияға Түркия, Ресей елдерінің және отандық жоғары оқу орындарының тарихшы-ғалымдары қатысып, өздерінің мазмұнды баяндамаларын ұсынды.  Пленарлық отырыста спикерлер отандық хронологияға сәйкес отандық тарихтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Қазақ халқының осы кезеңдегі тарихын зерттеудегі  ұстанымдар мен жаңа көзқарастарды талқылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz