2016 жылдың 3 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік – технологиялық факультетінде «Батыс Қазақстандағы өзекті экологиялық мәселелер» тақырыбында халықаралық қатысымы бар ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция ұйымдастырушылары ретінде БҚИТУ-ің экология және биотехнология кафедрасы және Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің кафедрасы тағайындалды.

Конференцияның мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы студенттердің  шығармашылық қабілеттілігін анықтау, дамыту және биология, экология пәндерін оқуын белсендіру, білімге орнықты қызығушылықтарын қалыптастыру және экологиялық мәдениет деңгейін  арттыру.

dsc01777%d0%ba%d0%be

Конференцияны БҚИТУ-нің оқу ісі және халықаралық қатынас жөніндегі проректоры,химия ғылымының докторы, профессор Бурахта В.А. ашты.Конференцияның барлық қатысушыларына жұмыстарының  қызықты және жемісті болуына ниет білдіріп, ұсынылған жұмыстар студенттердің ғылыми қоғамда ғылыми – зерттеу жұмыстарын нақты жоспарлауға және экологиялық ғылымның дамуындағы  қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Коференция модераторы – Ю.А. Гагарин атындағы Саратов Мемлекеттік техникалық университеті экология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Тихомирова Е.И.

Елена Ивановна бұл конференцияның мақсатын белгіледі, олар- студенттердің институтаралық қарым-қатынастарын нығайту,жас ғалымдар арасындағы ақпарат және тәжірибе алмасу,студенттердің ғылыми –зерттеу жұмысы саласындағы шетелдік ЖОО-серіктестерімен халықаралық байланыстарды.

СМТУ-ің экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Симонова Зоя Александровна дадалық практика шеңберіндегі «Оценка качества водоемов Саратовской области с помощью экспресс-методов» атты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы презентациялық фильмін ұсынды.

dsc01801%d0%ba%d0%bedsc01818%d0%ba%d0%be

dsc01838%d0%ba%d0%be

Конференция барысында БҚИТУ-ің инженерлік – технологиялық факультетінің 2-4 курс студенттері, сонымен қатар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенттері белсенділік корсете білді.Барлық конференция қатысушыларына қатьысушылар сертификаты табысталды, ал,үздік жоба авторларына дипломдар берілді: ЭКЛ-42 тобының студенті Бажиков Руслан,Шингалиев Газиз, БЖД-32 тобының студенті Тажиева Римма, ЭКЛ-21 тобының студенті Мыржикова Аида, Габбасова Айдана.

БҚИТУ экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Байтлесова Л.И., халықаралық қатысымы  үшін қонақтарға және Ю.А. Гагарин атындағы Саратов Мемлекеттік техникалық университетіне алғысын білдіріп, барлық студенттерді жемісті жұмыстарымен құттықтай отырып, конференцияны қорытындылады.

Біздің конференциямыздың қорытындысы бойынша ғылыми студенттер қоғамының, кафедраның, факультеттің ғылыми бағыттары анықталды. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі конференцияларға сәтті қатысу және гранттар мен атаулы стипендиялар тағайындайтын өзекті ғылыми жобаларды қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және ғылыми қорды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz