2016 жылдың 4 қарашасында инженерлік-технологиялық факультетінде «Ғылыми зерттеулер әдістемесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік талқылау, ғылыми құзіреттілік дағдыларын қалыптастыру, теориялық негіздер және ғылыми зерттеулер әдістемесінің қолданбалы аспектілері туралы ғылыми көзқарастар қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларын жасақтау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

img_2913%d0%ba%d0%be

Ғылыми семинар жұмысына Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері б.ғ.д., профессор Тихомирова Е.И., б.ғ.к., доцент Симонова З.А., БҚИТУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бурахта В.А., факультеттің кафедра меңгерушілері, сондай-ақ факульттеттің жас ғалымдары, аспиранттар мен магистранттар қатысты.

img_2940%d0%ba%d0%be

Семинар жұмысы шеңберінде баяндамалар тыңдалып, зерттеу әдістері мен түрлері, магистратураға, аспирантураға, докторнатураға түсу және оқу ерекшеліктері секілді сұрақтар талқыланды.  Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен аспиранттардың ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелері, сондай-ақ шекаралас өңірлер арасындағы тығыз ғылыми байланыстар орнату мәселелері кеңінен талқыланды.

img_2946%d0%ba%d0%be

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz