2022 жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ПОҚ-ы БҚИТУ мүшесі болып табылатын Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттер қауымдастығы мен ғылыми – зерттеу орталықтарының қатысуымен Астрахан мемлекеттік техникалық университеті ұйымдастырған “Жаңа Қазақстан-жаңа мүмкіндіктер” атты дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Онлайн-кездесуде өңірдегі әлеуметтік және экономикалық жаңғырту: қорытындылар мен перспективалар; Қазақстан-2022: халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы; Каспийдегі қауіпсіздікті дамыту: өңірлік әлеуетті ғылыми-білім беру ынтымақтастығында пайдалану, жанжалсыз тұлғаны қалыптастырудағы жоғары білімнің рөлі мәселелері талқыланды. БҚИТУ қауым.профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Кульматов Сағындық Яраспайұлы “ҚР-дағы өңірлік саясатты жүйелі қайта ойластыру және өңірлердегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыртудың міндеттері”тақырыбында баяндама жасады.
БҚИТУ Ғылыми бөлімі