2022 жылдың 21 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мәжіліс залында ғылымға арналған салтанатты іс-шара өтті. Сәуір айында университетте Қазақстан Республикасының қызметкерлер күніне арналған ғылыми іс-шаралар: конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, оқытушылар, студенттер мен магистранттар арасында дебаттар ұйымдастырылып өткізілді. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, проректорлары, факультет декандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаз студенттеріне “ағылшын тіліндегі үздік Эссе үшін” диплом, “ТМД үздік студенті” байқауының жеңімпазына алтын медаль табыстады. 2022 жылғы 6-14 сәуір аралығында өткен “Жастар Стартапы” бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне БҚИТУ барлық факультеттерде I, II, III дәрежелі дипломдар, номинациялар бойынша грамоталар, естелік сыйлықтар табыс етілді. Ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.

Жас ғалымдар кеңесі
БҚИТУ ғылыми бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz