2018 жылдың 10 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Инженерлік-технологиялық факультеті Жалпы білім беру пәндері кафедрасымен ғылыми семинар ұйымдастырылды, оның мақсаты – 2017 жыл бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша қорытындыларды шығару, 2018 ж. арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
10 қаңтардағы Жолдауды «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту” атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдары кандидаты, доцент Кусаинов Р. өз баяндамасында студенттер мен ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындаудың маңыздылығы туралы атап өтті. Профессор, т.ғ.к. Ж.С.Сериков “Мәңгілік ел” ғылыми негіздері туралы баяндады.
Семинарда Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті аспиранты ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.
«Білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерінің теориялық негіздері» кешенді тақырып жетекшісі, ф.ғ.к., доцент Шканова Б.А. өз баяндамасында қазақ, орыс тілдерін оқытудағы студенттердің танымдық қызметін белсендіру әдістерін кешенді қолдану маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар магистрлер Разахова Ф.Ж, Тулеуова А.М, Сарсенова А.Ж., аға оқытушылар Жаркеева А.М., Султангалиева А.А., Аралбеков Г.Б. өз баяндамаларымен сөз сөйледі.
Ғылыми семинар қорытындысы нәтижелерін Web of Science және Scopus индекстелетін басылымдарға; Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынған басылымдарда; халықаралық басылымдарда жариялау ұсынылды.