2018 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек…» деп атап өтті.

Осы жолдамаға қатысты 11 қаңтар күні инженерлік-технологиялық факультетінің техника және технологиялар кафедрасында ғылыми семинары оздырылды.

Ғылыми семинар отырысын кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қ.А. Ихсанов ашып, профессор-оқытушылар құрамының өткен жылғы атқарған ғылыми жұмыстарының жетістіктерін атап өтті.

Семинар барысында: ғылыми зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру жобасының тақырыптары, шаруашылық келісім шарт тақырыптары, аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелік-бағдарламалары бойынша есептері тыңдалып, талқыланды.

Ғылыми семинар отырысына университеттің ғылыми жұмыстары жөніндегі проректор В.А. Бурахта қатысып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстармен айналысуының маңыздылығын атап өтті және аспиранттар мен жас ғалымдарға диссертациялық жұмыстарды орындауда сәттілік тіледі.

 Кафедраның аға оқытушысы, агроинженерия магистрі Мулдашев М.А. «Разработка технических устройств для повышения эффективности двигателей внутреннего сгорания при использовании в качестве топлива растительных масел» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстың орындалуын баяндауда.

Жақын шет елдермен екі жақты шығармашылық ынтамақтастық бағдарламасына сай университеттерімен байланыс орнатылуда, соның бірі ретінде Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің т.ғ.к., доценті Бебенин Е.В. гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу жұмыстарына аға қызметкер болып қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, Альметьев мемлекеттік мұнай институтының аспиранты Г.Е. Калешеваның (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Зарипов А.Т.), Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің аспиранттары К.М. Рамазанованың (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Зазуля А.Н.), А.А. Кажиахметованың (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Ведищев С.М.,) ғылыми жұмыстары бойынша есептері тындалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz