Тілдер және менеджмент факультетінің «Есеп және аудит кафедрасында» 2018 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауын жүзеге асыру мақсатында ғылыми семинар өткізілді.
Ғылими семинарда «Аймақтық экономиканың дамуындағы есептік- қаржылық жағдайды дамыту» атты шаруашылық келісімдік тақырып бойынша кафедраның оқытушылары өз есептерінімен баянда жасады. (Орындаушылар э.ғ.к., доцент Ерниязов Р.А.) Кафедраның екі аспиранты Ж.А. Тлесова мен И.Н. Тимиргалиевтің есептері, және басқа оқытушының ғылыми әдістемелік бағдарламалары тыңдалды.
Баяндамалардың барлығы презентация түрінде өткізілді. Қатысушылар беленді араласып, түрлі сауалдар қойылды. Қатысушылардың берген есептеріне аға оқытушы А.Р. Лукпанова, И.Н. Тимиргалиев және э.ғ.к. аға оқытушы Султангужиева сауалдар қойып қанағаттанарлықтай жауап алынды.
Ғылыми семинардың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бақылау комитетімен қорғалатын басылымдарға ғылыми мақалалар мен ғылыми жобаларға көптеп қатынасу керек деген ұсыныстар жасалды.