2019 жылдың 10 қаңтарында БҚИТУ университетінің ғылыми бөлімінің ұйымдастыруымен «Техника және технологиялар» кафедрасының профессорлары, магистрлар және аспиранттардың  қатысуымен ғылыми семинар өткізілді.

Аталған семинардың негізгі мақсаты қазіргі заманғы өзекті мәселелері бойынша жас ғалымдар үшін ғылыми пікірталас алаңын құру және жоспар бойынша атқарылған ғылыми зерттеулердің  аралық есебін тыңдау және нәтижесін бекіту.

Семинар жұмысының негізгі бөлігінде жас ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды.  Шаруашылық келісім-шарт бойынша «Принципы формирования архитектурных решений энергосберегающих жилых зданий» тақырыбында техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Н.М.Беккалиев аралық есебін баяндады. Сонымен қатар, Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің аспиранттары К.М.Рамазанова, А.А.Кажияахметова өздерінің атқарылған ғылыми – зерттеу жұмыстарына тоқталды. Кешенді тақырып бойынша «Разработка технических устройств для повышения эффективности двигателей внутреннего сгорания при использовании в качестве топлива растительных масел»  тақырыбында аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Мулдашев М.А. аралық есебін ұсынды және ізденушілік тақырыптар бойынша 5 оқытушы ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы мен әдістемесін таныстырды. Бұл ғылыми жұмыстар кафедра  арасында қызу талқыға салынып, ғалымдар сүбелі ойларын ортаға салды. Жас ғалымдарға сұрақтар қойылып, факультетте ғылымын нығайтып, ізденімпаздығын арттыру керектігі айтылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz