9 қаңтарында 2018-2019 оқу жылының «Экономика және менеджмент» кафедрасында ғылыми семинар ұйымдастырылды. Күн тәртібінде 2018 ж. экономика және менеджмент кафедрасы бойынша шаруашылық келісім-шарт тақырыбын, шетелдік серіктес ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кафедра оқытушыларының кешенді тақырыптарын, кафедра оқытушыларының ҒЗЖ бастамашылық тақырыптарын, ҒЗЖ бойынша аспиранттардың ғылыми тақырыптары тыңдалды.

Ғылыми семинарда 12 баяндама ұсынылды. Ғылыми семинарға «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының аспиранттары мен магистранттар қатысты.

Ғылыми семинарға қатысушылар өз баяндамаларында ғылыми-зерттеу тақырыбының қарастырылып отырған мәселелерінің барлық аспектілерін қарастырды.

Тыңдаушылар сұрақтар қойып, ғылыми-зерттеу тақырыптарының мазмұнын жетілдіру жолдарын ұсынды.

Отырыс соңында ғылыми семинарға жетекшісі қорытынды жасады. Жетекші ПОҚ-на 2019 жылға ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Thomson Reuters, Scopus сияқты шетелдік рейтингтік журналдарда және ҚР БҒСБК отандық журналдарда ғылыми мақалаларды белсенді түрде жариялау туралы тілектер айтылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz