2018 жылдың 15-16 наурыз күндері БҚИТУ педагогикалық факультетінде «Адам капиталы – жаңғыру негізі» атты XVIII жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында әр түрлі бағытта 5 бөлім жұмыс істеді. Секциялар жұмысына БҚИТУ студенттері, магистранттары және оқытушылары мен қатар М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Нархоз университеті, Поволжск мемлекеттік университеті, Белгород ұлттық зерттеу университеті, Б.Б.Городников атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті студенттері қатысты. Конференция жұмысына 162 адам қатысты.
«Білім беру жүйесіндегі адами ресурстарын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» секциясы бойынша ғылыми баяндамаларда Елбасы жолдауына қатысты қоғамды жаңғыртудағы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың ролі, білім беру үрдісіндегі ғылыми зерттеулердің, шығармашылық ойлаудың, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың танымдық процестерін дамытуда жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы туралы айтылды.
«Қоғамдық сананы жаңғыртудағы жаратылыстану ғылымдары» секциясы бойынша дене шынықтыру арқылы тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту туралы айтылды. Ғылыми баяндамалардың басым көпшілігі Батыс Қазақстан облысында әртүрлі спорт түрлерін дамытудың тарихи және аймақтық зерттеулеріне арналды.
«Филологиялық білім – ұлттық-мәдени код негізі» секциясы бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелері, қазақ алфавитінің латын алфавитіне көшу мәселелері талқыланды.
«Қазақстан экономикасын жаңғырту: қаржы-экономикалық аспектілері» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері, «Даму» қорының кәсіпкерлікті дамыту, несиелеу және банк жүйесін реттеудегі рөлі талқыланды.
«Тарихи білім – ұлттық сананы қалыптастырудың негізі» секциясының жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ халқының төл тума мәдениетінің, салт-дәстүрінің соның ішінде ұлттық тарихтың жаңғыруы бағытында өтті. Осыған сәйкес бірінші кезекте тарихи білім жас ұрпақтың бойында, әсіресе студенттердің бойында берік қалыптасу керектігі айтылды.
Ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша үздік баяндамалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, сондай-ақ, ең үздік ғылыми баяндама, үздік мультимедиялық презентация және шешендік өнері үшін номинациялары берілді.
І дәрежелі дипломдармен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Р.Мусиев; «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті А.Ермекова; «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті А.Сағатбаева; М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Х.Койланова; «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Н.Жастлек марапатталды.