«Педагогика және психология» кафедрасының 2019 жылдың 10 қаңтар күні өткізілген ғылыми семинары жұмысы ҒІжХҚ жөніндегі проректор В.А. Бурахтаның қатысуымен жүргізілді. Семинарда 2018 оқу жылы барысында шаруашылық келісім -шарт бойынша (жетекші п.к.ғ. доцент Кудышева Б.Г.); бастамшыл тақырып бойынша (жетекші п.к.ғ. доцент Джонисова Г.К.); кешенді тақырып бойынша (аға оқытушы Қадыржанова Ж.Е.) қорытынды мәлімдемелер жасады. Оқытушы профессорлар құрамы жыл бойына жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмыстарының есебін берді. РФ-сы жоғары оқу орнының аспиранты Султаниязова Н.Ж. ғылыми жұмыстарының жүргізілу барысы жөніндегі есептерін баяндады. Сөз соңында ҒІжХҚ жөніндегі проректор В.А. Бурахта кафедраның ғылыми-ізденіс жұмыстарының бағытына баға беріп, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстармен айналысуына жағдай жасаудың қажеттігін атап өтті.