2019 жылы 10 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Қаржы кафедрасында Ғылым және шығармашылық апталығы аясында “Жас зерттеушілер – гүлденген Қазақстанның болашағы” Халықаралық фестивалінің бірінші кезеңі өтті. Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, х. ғ. д., профессор В. А. Бурахта құттықтау сөз сөйледі.
Байқауға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.
Ғылыми жобалар тақырыптары Батыс Қазақстан облысы мен ҚР Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың өзекті аспектілерін қамтыды: “Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру” (БҚО жоспарында), “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алулар» ШЖҚ МКҚ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ДСБ Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Қалалық көп бейінді аурухана” ШЖҚ МКК”, “Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК ұйымдарды бюджеттік қаржыландыру ерекшеліктері», “Наркологиялық диспансердің қаржылық талдау көрсеткіштері және жетілдіру жолдары” (БҚО наркологиялық диспансер ТЖҚ МКК жоспарында), “Облыстық перинаталдық орталығы қызметін ұйымдастыру сипаты және оның қаржыландырылуы”, БҚО әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын таңдау, Денсаулық саласындағы мемлекеттік-жекешелік механизмдері, ҚР ұлттық бренді ретінде алаботадан биомасл өндірісі, Казталов аудандық орталық ауруханасы” ШЖК МКК жоспарында ұйымдарды бюджеттік қаржыландыру ерекшеліктері.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды.
1 орын – Косалаева Айнура (БҚИТУ «Қаржы» мамандығының 2 курс магистранты);
2 орын – Махсетова Айнур, Нигметова Карина (БҚИТУ «Қаржы» мамандығының 1,3 курс студенттері;
3 орын – Нургуатов Алпамыс, Қойланова Хадиша (БҚМУ “Есеп және аудит» мамандығы 3 курс), Жумагазиева Ару (БҚИТУ “Қаржы” мамандығы 3 курс, Даулетова АқеркеБҚИТУ «Қаржы» мамандығы 2 курс);
Номинанттар:
“Үздік презентация” номинациясы – Бекжан Досқазиев (БҚИТУ “Қаржы” мамандығы 3 курс);
“Шешендік өнер” номинациясы – Абзалова Айнамкоз (БҚИТУ “Қаржы” мамандығы 3 курс);
“Белсенді қатысқаны үшін” номинациясы – Какимов Ерғали (БҚИТУ “Қаржы” мамандығы 3 курс).

