“Жас зерттеушілер – гүлденуші Қазақстанның болашағы” атты Халықаралық фестивальдің бірінші кезеңі аясында 2019 жылдың 10 сәуір күні мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасында “Ғылым әлемінде” атты ғылыми – интеллектуалды сайыс оздырылды.
Сайысқа 3 команда, мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасының “Землемер”, “Черное золото”, “Энергия” ғылыми-студенттік үйірмелерінің мүшелері қатынасты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды, бірінші турда инженерлік-технологиялық факультетінің ғалымдары туралы презентация материалдары көрсетілді.
Екінші турда командалар өздері дайындаған ” Мамандықтың негізін қалаушы ғалымдар” атты слайд – шоуын ұсынды, онда қатысушы командалар кафедра мамандықтарының пайда болуы мен қалыптасу тарихы туралы ақпаратты қамтитын презентацияларды көрсетті.
Сонымен қатар, студенттер интеллектуалдық додаға қатысып, “За кем будущее: за узконаправленными специалистами или за универсалами?” тақырыбындағы пікірталаста өз ойларын ортаға салып, талқылады.

