Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Табиғат және экология музейінде 01 желтоқсан күні 2023 жылы 1-желтоқсан СПИД ауруымен күресу күніне арналған «Зиянды заттардан аулақ болайық!» тақырыбында шара өткізілді.

Шараның мақсаты: Студенттерге есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

Шараны БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Бижанұлы Ерсаев дені сау өскелең ұрпақ – ел болашағының негізі, әр адамның ең үлкен байлығы – денсаулық екенін айта отырып, алғы сөзбен ашты. Шараға облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің оқытушысы Умбетова Гульнара Кимовна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Исагулова Т.Р., Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Султангалиева А.А., Маметанова С.Т. қатысты.

Аталмыш шарада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің АРХ-12, НД-11, ВЕТ-11, АРХ-13 топтарының студенттері баяндамалар оқыды.

Шара соңында БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Б.Ерсаев шараға белсенді атсалысқан студенттерді дайындаған оқытушыларды алғыс хаттармен марапаттап, ризашылығын білдірді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.