Еліміздің ұлттық валютасы – теңгеміздің 30 жылдық мерекесіне орай ҚР Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалынан өкіл ретінде Экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы, экономист Шынтаева Гулжазира Еркинбековна «Қаржы және экономика» кафедрасына «Қазақстан монеталары» атты кітапты табыстады. Кітапты 6В04106 – Қаржы, 6В04105 – Есеп және аудит, 6В04102 – Экономика білім беру бағдарламаларының базалық және кәсіби пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Кафедра Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. ҚР Ұлттық банкінде тәжірибеге бағытталған сабақтар өтеді, университетке келіп банктің мамандары сабақ өткізеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz