2023 жылдың 29 қараша күні 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», 6В07105 «Автоматтандыру және басқару» ББ білім алушыларының «Jaiq IT Нub» директоры Омарбек Ташиммен митап өткізілді. «Jaiq IT Нub» технопаркінің білім алушыларға арналған курстары мен мектептері туралы, IT-стартаптарды танымал ету, қазақстандық таланттардың IT-технологиялардың әлемдік аренасына шығуы үшін жағдайлар жасауына мүмкіндігі туралы кеңінен айтып өтті.

Кездесу барысында білім алушылар қызығушылықпен тыңдап, стартап жобаларды құру және оны қалай жүзеге асыруға болатындығы жөнінде сұрақтары қойылып, талқыланды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz