27.09.2023 ж.құқық кафедрасының аға оқытушылары Б.З. Ахметжан мен С.У. Нұржановтың жетекшілігімен БҚИТУ салалық технологиялар институтының 6В04202 Құқықтану ББ 3 курс білім алушылары Орал қалалық қылмыстық істер сотына барды. Студенттер Батыс Қазақстан облысында парақорлық фактісі бойынша қозғалған резонанс тудырған қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу), ҚК 367-бабы 3-тармағының 3-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іске тыңдаушы ретінде қатысты. Сонымен бірге таныстыру экскурсиясы өткізілді, қылмыстық процестің ерекшеліктері түсіндірілді, сот отырысы залдары мен басқа да үй-жайлар қаралды.
Сондай-ақ, құқықтық мәдениет пен азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында студенттер жұмыстың заманауи форматтарымен және жаңа электрондық сервистермен танысты. Өз кезегінде студенттер сот ұжымына сот жұмысымен және сот жүйесінде болып жатқан өзгерістермен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.